Олжас Сүлейменов антиядролық қозғалыс туралы «Невада-Семей» атты кітап жазбақшы

Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Владимир Радионов. Қазақстандық ақын, жазушы, қоғам қайраткері антиядролық қозғалыс туралы «Невада-Семей» атты кітап жазбақшы.
«Менен осындай кітап жазуды бұрыннан сұрап келеді, ал менде уақытым болмай жүр. «Невада-Семей» белсенділері кітап жазғанын білемін, ол келесі жыл басында жарық көреді. Ол деректі кітап болмақшы, ал мен өзімше, басқаша кітап жазбақшымын», - деді ол дүйсенбі күні Семей ядролық сынақ алаңында соңғы ядролық сынақ жасалуының 25 жылдығына арналған жиында.
«... Семей сынақ полигонында ядролық сынқтар 40 жыл жалғасты. Және халық бұдан 25 жыл бұрын не болғанын өзінің тарихи ерлігі деп тануы керек», - деді ақын.
Еске салсақ, 1986 жылы 20 қазанда ол, ядролық сынақтан соң бірден КСРО Жоғарғы Кеңесінде сөз сөйлеп, содан кейін КСРО ЖК кеңес үкіметіне қаулы қабылдап, полигонды жабу мәселесін қарауды сұрады.
«Бүгіндері қозғалыс әлі жұмыс атқаруда. Біз қолда бар ядролық арсеналдан құтылуды талап етудеміз. Ядролық қару ұлттық қорғаныс құралы мәртебесінен айрылуы керек, ал оның шектеулі санын БҰҰ бақылауына тапсыру керек. Бомбаның ұлттық сипаты болмауы керек», - деп атап көрсетті О. Сүлейменов.  
Сондай-ақ ол бұл мәселені ең жоғарғы халықаралық деңгейде шешу керек деп есептейді.  
«Адамзат баласына осында жаппай қырып-жою қаруы керек пе деген мәселені парламентаралық референдумға шығару керек», - деді О. Сүлейменов.
Тұңғыш ядролық сынақ Семей ядролық полигонында 1949 жылы 29 тамызда жасалды, соңғысы – 1989 жылы 19 қазанда жасалды.

adimage