Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Жұлдыз Омарбекова ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«ҚР Үкіметінің қаулысымен Жұлдыз Қажыкенқызы Омарбекова Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарда.
Бұған дейін Омарбекова 2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР қоғамдық даму вице-министрі лауазымын атқарған.
«Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары әлеуметтану пәнінен оқытушы, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры және президенті болып жұмыс істеген. 2013–2014 жылдары Алматы Мәдениет басқармасы басшысының м.а., басшысы, 2014–2015 жылдары — Алматы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2016–2018 жылдары Nur Otan партиясының Алматы қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған», - делінген хабарда.
Омарбекова ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
