Қонаев қаласының шетінде браконьерлерден мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді

     Қонаев.28 қараша.ҚазТАГ- Қонаев қаласының шетінде браконьерлерден мыңға жуық ақбөкен мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми интернет- ресурсы.
«Қонаев қаласының шетінде Subaru көлігі тоқтатылды Полиция көлік ішінен 953 ақбөкен мүйізі бар алты жәшік, бір тегіс ұңғылы жартылай автоматты мылтық, оның 18 оқ-дәрісі және пышақ тауып алып, тәркіледі»,- делінген хабарламада.
   Бұл факт ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тіркелді. Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды.
  Барлығы, іс-шараны өткізу барысында полиция сегіз мыңнан астам орман, аңшылық және балық шаруашылығы нысандарын тексеріп шықты. Табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 3664 фактісі анықталды, оның ішінде 117 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

adimage