Қонаевта сот ғимарат жалдау үшін бес айда Т50,7 млн жұмсамақ

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Қонаевта сот ғимарат жалдау үшін бес айда Т50,7 млн жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ; атауы - тұрғын жайларды жалдау бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - Қонаев қаласында бір сотқа ғимарат жалдау; саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т50 752 232,14», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 2 тамызда басталған, 9 тамызда аяқталады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage