Алматы. 20 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда онлайн-бақылау-кассалық машиналарын (онлайн-БКМ) қолдануға толық өту 2019 жылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, деп хабарлады бейсенбіде қаржы министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2018 жылғы 23 желтоқсаннан бастап салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының қызмет түрлерін қолдануға тиісті Қаржы министрінің бұйрығы күшіне енеді», - делінген хабарда.
Келесі жылдан бастап, тоқсан сайын салық төлеушілер онлайн-кассалық тіркеулерді қызмет түрлері кеңейтілетін болады
«2019 жыл ішінде тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдануға 633 қызмет түрі: 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі; 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі; 2019 жылдың 1 сәуірінен 224 қызмет түрі өтеді. Осылайша, 2019 жыл ішінде толық онлайн-БКМ қолдануға өту жүзеге асырылады», - делінген хабарда.
Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайды.
Осы бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін аңықтайтынын атап өтеміз.
БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.
ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.
Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан: жеке тұлғалар; адвокаттар мен медиаторлар; жеке кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды сатудан басқа) қызметін жүзеге асыратын, патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін; бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін; билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі; екінші деңгейдегі банктер босатылады.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26