ОПЕК 2019 жылы Қазақстанда мұнай өндіру тәулігіне 0,04 млн баррель артады деп болжауда

Алматы. 15 наурыз. ҚазТАГ – ОПЕК 2019 жылы Қазақстанда сұйық көмірсутектердің өндірісі тәулігіне 0,04 млн баррель артады деп болжауда, делінген наурыздағы картель есебінде.
«Қазақстанда 2019 жылы сұйық көмірсутектерін өндіру тәулігіне 0,04 млн баррель артып, тәулігіне орташа деңгейде 1,85 млн баррельге жетеді деп болжануда» - делінген есепте.
Бұл ретте атап өтілгендей, қазақстандық мұнай компаниялары техникалық қызмет көрсетулерді жүзеге асыру үшін мұнай кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтата тұру туралы жариялады.
«Мұнай өндірісі Қашаған кен орнында 14 сәуірден бастап 45 күнге уақытша тоқтатылады, Теңізде 1 тамыздан бастап 42 күнге және Қарашығанақта 15 қыркүйектен бастап 28 күнге уақытша тоқтатылады», - делінген жауапта.
ОПЕК ақпарынша, қаңтарда Қазақстанда сұйық көмірсутектер өндірісі аздап тәулігіне 7 мың баррельге және айлық мәнде орташа 1,89 млн баррельге өсті. Шикі мұнай 11 тб/с өсіп, тәулігіне орташа мәнде 1,63 млн баррель деңгейіне жетті, сөйтіп жылдық мәнде 96 тб/с артты, ал бұл ретте табиғи газ өндірісі айлық мәнде 4 тб/с төмендеп, орташа есеппен тәулігіне 0,27 млн баррельге жетті. Қашаған кен орнындағы мұнай өндірісі тәулігіне 0,31 млн баррель деңгейіне жетті.

adimage