Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – Қорғалжын қорығында балық аулауға тыйым салынды, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Мелиорациялық балық аулау ережесінің бұзылуына байланысты 2019 жылдың 18 ақпанынан бастап Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығының барлық аумағында мелиорациялық балық аулауға рұқсат берілетін құжаттарға тыйым салынды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, қазіргі таңда Бетпақдала популяциясының 2000-ға жуық киіктері осы жердің көлдерінің аумағында қыстайды.
«Су айдындарда балық аулауға тыйым салу, киіктерге төнетін алаңдатушылық пен қасқөйліктен алдын алуға мүмкіндік береді. Балық аулауға тыйым салынған заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза көзделген», - делінген хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, қазақстанда16 ақпаннан бастап 14 маусымға дейінгі мерзімде көктемгі аңшылыққа тыйым салынған болатын.
Қорғалжын қорығында балық аулауға тыйым салынды
