Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде жоспарланған оқыту бағасы белгілі болды

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде жоспарланған оқыту бағасы белгілі болды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны шығаратын және өткізетін тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) баға бекітілсін», - деп қорғаныс министрлігінің бұйрық жобасында айтылған.

Жобада азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтар бойынша даярлау ақысын 100 айлық есептік көрсеткіш (Т369 200) деңгейінде бекіту ұсынылған.

Құжатқа сәйкес, аталған мектептегі баға уәкілетті орган бекіткен калькуляцияға сәйкес жыл сайын айлық есептік көрсеткіш бекітілгеннен кейін қалыптастырылады.

Фото көзі: Ашық дереккөз


adimage