Қорғанысмині Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сержанттың қашқанын және қару-жарақтың жетіспейтінін растады

Астана. 20 ақпан. ҚазТАГ – ҚР Қорғаныс министрлігі (ҚМ) Шымкент маңындағы әскери бөлімнен сержанттың қашқанын және қару-жарақтың жетіспейтінін растады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Шымкент қаласы маңындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінде келісім шарт негізіндегі кіші сержант А. Балғынбай кезекші ауысым құрамында рото бойынша кезекші болып тұрып, өз еркімен бөлім аумағынан кетіп қалған. Сол кезде қару-жарақты сақтау бөлмесінен атыс қаруының белгілі бір санының жетіспейтіндігі анықталды. Құқыққорғау органдары және әскери полиция күшімен әскери қызметкерді және жоғалған қару-жарақты қажетті шұғыл-іздестіру шаралары қабылданып жатыр, сондай-ақ қауіпсіздікті қамту шаралары да жүргізілуде», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін, Шымкентте қару-жарақпен бәрге мерзімді қызметтегі сарбаздың қашып кеткендігі туралы хабар мессенджерлерде тарап кеткендігі хабарланған болатын.

adimage