Қорғас шекарашылары екі қазақстандықтан Т10 млн астам жарияланбаған ақшаны тәркіледі

Күні: 15:30, 25-09-2019.

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ - Қорғас шекарашылары екі қазақстандықтан Т10 млн астам жарияланбаған ақшаны тәркіледі, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметі (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«Кеше «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) шекаралық бақылау бөлімінің шекара жасағы шекаралық және кедендік бақылаудан өткізгеннен кейін ҚР-дан ХШЫО-ға өтіп бара жатқан ҚР екі азаматын ұстады. Олардың бірінен шекарашылар Т5 000 531, екіншісінен – Т5 млн көлемінде жарияланбаған ақшалай сома тапқан», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Шекара қызметінде атап өткендей, тәркіленген ақшалай сома акті бойынша Алтынкөл кеден бекетінің қызметкерлеріне тапсырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: