Астана. 11 маусым. ҚазТАГ - Қорғас шекарашылары Т10,5 млн жарияланбаған ақшасы бар қырғызстандықты ұстады, деп хабарлады ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«10 маусымда шамамен 18.30-да Қорғас шекара жасағының «ШЫХО» («Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» - ҚазТАГ) бөлімшесінің шекаралық жасағы кедендік және шекаралық бақылаудан өткеннен кейін Қырғыз Республикасының 1969 ж.т. азаматын ұстады, ол орталыққа қарай жарияланбаған Т10 438 485 ақшалай қаржысымен кетіп бара жатқан», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай, Esse темекі өнімдерінің 80 блогын (800 қорап) ҚР-ға «ШЫХО»-дан алып өтпек болған Қазақстанның 1990 ж.т. азаматы ұсталды.
Қорғас шекарашылары Т10,5 млн жарияланбаған ақшасы бар қырғызстандықты ұстады
