Орал тұрғындарына комқызмет қарыздары үшін несие берілмеуі мүмкін

Орал. 17 сәуір. ҚазТАГ – Орал тұрғындарына комқызмет қарыздары үшін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Мемлекеттік несие бюросы» АҚ-мен бірге тұтынушылары туралы ақпарат беру жөнінде шарт жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біздің қызметтерімізге төлемді 90 күннен артық кешіктірген жағдайда ол туралы ақпарат несие бюросына жолданады, ол өз кезегінде борышкерлерге несие беруге кедергісін келтіруі мүмкін», - деп хабарлады «Жайықжылуэнерго» АҚ.
Коммуналшылар өз абоненттерін теріс салдары болмау   және жақсы несие тарихын қалыптастыру мақсатында жылу мен ыстық су үшін қарыздарын төлеуге шақырды.

adimage