Орал. 30 наурыз. ҚазТАГ – Оралда БАҚ қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлады «Мой город» жексенбі күні.
«Бүгін, 29 наурызда әріптесіміз, «МГ» штаттан тыс қызметкерінің (қашықтықтан жұмыс жасайды) коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны белгілі болды. Әлия Оралда жарнама жөніндегі менеджер болып жұмыс жасайды, сондай-ақ Атыраудағы клиенттермен де жұмыс жасайды. 24 наурызда ол жеке көлігімен Оралдан Атырауға барған, 27 наурызда үйіне оралған», - делінген жексенбідегі хабарда.
Қыздың айтуынша, 28 наурыз күні ертеңгісін оның дене қызуы күрт көтеріліп, әлсіздік пайда болған.
«Мұның коронавирустық инфекцияның белгілерінің бірі екенін түсініп, және мен де Атырауда вирус жұқтырып алуым мүмкін деген оймен 1406 телефонына қоңырау шалып, жағдайымды айттым. Маған олар 103-ке звондаңыз деді. Мен солай жасадым, және операторға жеке көлігіммен ешкіммен байланыспай бара алатынымды айттым. Олар маған Құмысқа (провизорлық госпиаталь – ҚазТАГ) барыңыз деді, сол жерде сынама тапсырдым, нәтижесі оң болып шықты», – деді Әлия.
Порталдың ақпарынша, науқас қазір есеңгіреп қалған, оның жағдайын өзі туралы жеке мәліметтің таралып кеткені қиындатып жіберген. Ол прокуратураға арызданып, дәрігерлік құпияның таралуына кінәлілерді жазалауды талап етпек.
«Мой город» редакциясы атап өткендей, ол кеңседе соңғы рет 20 наурызда болған және одан бері әріптестерінің ешқайсысымен байланыста болмаған.
Бұған дейін хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырудың алғашқы екі жағдайы тіркелген еді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 500 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 25 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 284 жағдайы тіркеліп, 18-і жазылып, бір адам көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34