Оралда бау-бақша ұжымынан өрт шыққан жерде екі ересек адам мен бір баланың денесі табылды

Күні: 10:00, 27-09-2019.

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Оралда бау-бақша ұжымынан өрт шыққан жерде екі ересек адам мен бір баланың денесі табылды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«27 қыркүйекте сағат 2.46-да өртке қарсы қызмет тетігіне Орал қаласы «Волна» бау-бақша ұжымының аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер келіп жеткенде бақшадағы тұрғын үй өртеніп жатқан. Қабылданған шаралардың арқасында 35 ш.м. алаңдағы өрт сағат 6.15-те сөндірілген. Өрт шыққан жерден өртенген үш адамның денесі табылған: 1961 ж.т. ер адам, ал әйел мен бананың кім екені анықталуда», - деп мәлімдеді жұма күні ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
Ол нақтылағандай, өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамының 14 адамы мен төрт бірлік техникасы жұмылдырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: