Оралда блогер ұсталды

Күні: 19:13, 27-02-2019.

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Оралда блогер ұсталды, деп хабарлады «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорынан.
«27 ақпанда Асқар Шайгумаров – Оралдағы белгілі блогер досымен бірге үйінен шығып, дүкенге қарай бет алған. Үйінен шыққан кезде сағат Алматы уақытымен 13.30-да полицейлер оларды ұстап, смартфондарын күштеп тартып алып, өздерін жергілікті полиция бөліміне жеткізген», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, белсенділер Асқардың ұсталуын Астанада «Нұр Отан» президенттік партиясының съезі өтуімен байланыстырады.
«Билік ол мен оның жақтастары аталмыш шараға орайластырылған қарсылық акцияларын ұйымдастыруы мүмкін деп қорыққан», - делінген хабарда.
Еске салсақ, 27 ақпанда Астанада ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Съезде мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді: қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге Ұлттық қордан қаржы бөлуді, осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің төмен жалақы алатындарының еңбекақысын 30% көтеруге, сонымен қатар аудандық, облыстық және ауылдық дегейлерде азаматтармен тікелей жұмыс жасайтын атқарушы органның төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25% көтеруді (бұл мақсатқа 2019-2021 жылдары қосымша Т980 млрд бөлінетін болады), атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс деңгейінің 70% дейін көтеруге; көп балалы отбасыларды баспанамен қамтуға жыл сайын Т50 млрд бөлуді; «Ауыл –ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға ұсыныс әзірлеуді, 2021 жылға дейін әлеуметтік дамуға Т1,2 трлн жұмсауды, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға Т120 млрд бөлуді тапсырды.


Жаңалықтармен бөлісу: