Оралда ер адамның бес жасар қыз баланы үй ауласынан алып кетпек болған әрекеті видеоға түсіп қалған

Орал. 3 тамыз. ҚазТАГ – Оралда ер адамның бес жасар қыз баланы үй ауласынан алып кетпек болған әрекеті видеоға түсіп қалған, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«2 тамызда шамамен 21.30-да Орал полиция басқармасы Зачаганск полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз ер адамның Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласынан алты жасар қыз баланы белгісіз бағытқа алып кетпек болғаны туралы хабар келіп түскен», - деді дүйсенбі күні БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, ұсталған күдікті орта деңгейдегі масаң күйде болған.
«Қазіргі таңда қыз баланың анасының арызы ПБ Зачаганск ПБ-де тіркелген, ер адамның кім екені анықталып, ұсталды. Жағдайдың мән-жайы тексерілуде. Сосын процессуалды шешім қабылданатын болады», - деп мәлімдеді ведомстводан.

adimage