Алматы. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – Полицейлер Оралда із-түссіз жоғалып кеткен қыздың денесін тапты, деп хабарлады «Мой город» порталы.
«24 қыркүйекте полиция қызметкерлері 1995 ж.т. қыз баланы өлтірді деген күдікпен 1986 жылы туылған ер адамды анықтап, ұстады. Орал қ. ІІБ ҚР ҚК 99б. 1б. бойынша (адам өлімі) сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген БҚО ІІД баспасөз қызметінен.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, өлтірілген қыз баланың есімі - Карина Дустанова.
К.Дустанова 17 қыркүйекте жоғалып кеткен. Соңғы рет қыз баланы «Ғылыми-техникалық кітапхана» аялдамасы маңынан көрген. Ол Ақсайға қарай такси жүретін жерге апаратын жүргізушіні күтіп тұрған. Сосын оны ешкім көрмеген. Тумалары қыз баланың жоғалып кеткендігі туралы әлеуметтік желілерге ақпарат орналастырған.
Оралда із-түссіз жоғалып кеткен қыздың денесі табылды
