Орал. 12 наурыз. ҚазТАГ – Орал базарында кейбір көкөністер бағасы 2018 жылдың наурызымен салыстырғанда екі есе қымбаттады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Мәселен, қызанақ пен қиярдың килограмының бағасы 1200 теңгеге дейін барады, ал былтырғы көктемде олардың бағасы 600-650 теңге болатын. Сатушылардың айтуынша, көкөністер сырттан келеді, жергілікті өнім жеткіліксіз.
«Қалада жалпы алаңы 38 мың шаршы метр болатын 8 жылыжай кешені жұмыс жасап жатыр. Екі рет дақылдарды алмастырудың қорытындысы бойынша 250 тонна жылыжай өнімі жиналған. Сонымен қатар, Зачаганскіде алаңы 55 мың шаршы метрді құрайтын жылыжай кешенінің құрылысы жүріп жатыр», - деп атап өтті қалалық ауыл шаруашылық бөлімінен.
Алайда тұрғындардың айтуынша, жергілікті жылыжайлардың өнімдері жеткіліксіз екен.
Бұл ретте жергілікті ресми статистика көкөніс бағаларының өскенін растап отыр.
«Көкөністер мен жемістер бір жылда 10,8% қымбаттаған», - деп хабарлады БҚО статистика департаментінен.
Оралда көкөніс бағасы екі есе қымбаттады
