Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ – Оралда көлік бөлшектерін сататын базардағы өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«7 наурызда сағат 07.18-де өрт сөндіру қызметінің тетігіне Оралда Тюленин көшесі бойындағы «Алатау» көлік бөлшектерін сататын базарда өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Шамамен 280 ш.м. алаңдағы 5 контейнер өртенген. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 08.17-де өртті ауыздықтады», - деді Нұрахметов бейсенбіде.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, өртті сөндіруге Батыс Қазақстан облысы ТЖД жеке құрамдағы 34 адам мен тоғыз бірлік техника жұмылдырылған.
Оралда көлік бөлшектерін сататын базардағы өртті сөндіріп жатыр
