Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды

Орал. 8 тамыз. ҚазТАГ – Оралда кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірген күдіктілер ұсталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
ҚазТАГ редакциясына күдіктілердің ұсталғанын Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен растады.
Еске салсақ, 6 тамыз күні кешкісін ауыр қылмыс орын алған еді. 7 тамыз күні полицейлер қылмыс болған жерден іздерін суытқан күдіктілер -31 жасар Руслан Қожантаев пен 21 жасар Тұрлан Амангелдінің белгілерін таратқан еді.

adimage