Оралда құны 400 млн теңгені құрайтын ҚТҚ іріктеу кешені іске қосылды

Алматы. 19 ақпан. ҚазТАГ – Оралда ҚТҚ іріктеу кешені іске қосылды, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтынан.
«Жобаға 400 млн теңге жеке инвестиция тартылды, екінші кезеңде қоқысты қайта өңдеу кешені іске қосылады, үшінші кезеңде биогаз өндірілетін болады», - деп келтірілген облыс әкімі Алтай Кульгиновтың сөзі сайт ақпарында.
Финдік инвестордың, «ICM Recycling» компаниясы құрылтайшысы Калвер Каппердің айтуынша қатты қалдықтарды іріктеу зауыты – Қазақстандағы алғашқы зауыт.
«Қазақстандағы бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды екен. Осы кешенді толық іске қосып, өңделетін қалдықтар көлемін 20 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Әзірге Қазақстанда қайта өңдейтін өндіріс жоқ, сондықтан жиналған пластикті біз қайта өңдеу үшін Ресейге жөнелтеміз. Алдағы жоспарда – осы жерде қайта өңдейтін өндірістің негізін салу, осы жерде пластиктен жаңа заттар жасай алу үшін. Бұл толығымен финдік технология, Финляндияда біз қоқыстың 91%-ын қайта өңдейміз және екінші өнімді дайындаймыз», – деп түсіндірді К. Каппер.

adimage