Алматы. 8 ақпан. ҚазТАГ – Оралда оқушылардан ұялы телефон бопсалаған нашақорға үкім шығарылды, деп хабарлады «Уральская неделя».
«Жиынтығында сот Кирилл Баныкинге қатаң режимдегі абақтыда төрт жыл алты айға жаза кесті. Абақтыда оны нашақорлықтан мәжбүрлі түрде емдейтін болады», - деп хабарлады жұма күні қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Асқар Ысмайлов.
23-жасар ер адам ҚР ҚК 191 бабы 2 бөлімі 1 және 2 тармақтар және 190 бап 2 бөімі 2 тармақ бойынша айыпты деп танылды.
Хабарда атап өтілгендей, қылмыс жасаған кезде К.Баныкин шартты мерзімін өтеп жатқан, ол да үкімге әсер еткен.
«Сонымен қатар Баныкинді сот зардап шегушілерге материалды шығынды өтеуді міндеттеген, оның жалпы сомасы 831220 теңгені құрайды», - делінген хабарда.
Оралда оқушылардан ұялы телефон бопсалаған нашақорға үкім шығарылды
