Оралда қоқыс жәшіктерінің қасынан жарылғыш зат табылды

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ – Оралда қоқыс жәшіктерінің қасынан жарылғыш зат табылды, деп хабарлады «Мой город».
«Бүгін, 6 тамызда, Л.Толстой мен Айтиев көшелерінің қиылысына жергілікті полиция қызметінің, ҰҚК қызметкерлері, құтқарушылар жиналды. Куәгерлер жарылғыш заттың қоқыс контейнерлері жанынан табылғанын айтты. Алайда Орал қаласы полиция басқармасының орынбасары Нұрлан Бисенов «бәрі жақсы, ештеме болған жоқ» деп мәлімдеді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Оның үстіне, атап өтілгендей, полицейлер қоқыс контейнерлерін қоршап, жолды жауып тастаған.
«Жарылғыш затты «Жайық Таза Қала» ЖШС қызметкерлері тапқан. Коммуналшылар қоқыс жәшіктері жанынан жарылғыш заттың табылғанын растады. Оқиға орнына саперлер келіп жетті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - делінген хабарда.

adimage