Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ – Тыйым салынған «Ата-Жолы» окульттік-мистикалық діни ағым мүшелері ұсталып, оларға айыппұл салынды, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Орал стансасында полиция желілік бөліміне «Орал-Алматы» жолаушылар пойызымен Орал стансасынан тіркелмеген «Ата-Жолы» ағымының мүшелерінің жолға шыққаны туралы хабар келіп түскен. Түскен ақпаратты тексеру барысында көліктегі полицейлер Батыс Қазақстан облысы ПД қызметкерлерімен, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысындағы дін істері басқармасының өкілдерімен бірге Оралдың төрт тұрғынын ұстады», - деп хабарлады жұма күні көліктегі ПД бастығы Оңал Бекиев.
Ұсталғандардың жасы – 41, 45, 47 және 50-де.
«Ұсталғандарға қатысты ҚР ӘҚбК 489 бабы 9 және 10 бөліктері бойынша (Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру) 50 және 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. «Ата-жолы» ағымының қызметіне 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған болатын. Дегенмен тыйым салынғанына қарамастан, аталмыш ұйым өз қызметін түрлі атпен әлі де жалғастырып келеді. Сондықтан азаматтарға сақ болуды, түрлі ағымдардың ықпалына түсіп қалмауға шақырамыз», - деді Бекиев.
1 АЕК = Т2778.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08