Оралдағы балабақшаның шатыры құлады

Күні: 11:00, 13-02-2019.

Алматы. 13 ақпан. ҚазТАГ – 12 ақпанда Оралда балабақшаның шатыры құлады, деп хабарлады «Мой город» өңірлік порталынан.
Ақпарға сәйкес, аталмыш оқиға сейсенбі күні Т.Масин ат. көшеде «Золотой петушок» балабақшасының ғимаратында болған.
«Ғимарат 1990 жылы салынған. Жұмысшылар ертеңгісін шатырды қардан тазартып жүрген. Сол кезде шатыр құлаған. Балалар мен жұмысшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - деді мектепке дейінгі мекеме директоры Қарлыға Аянғалиева.
БАҚ ақпарынша, оқиға орнына барған Орал ТЖ басқармасының инженері Нұрсұлтан Серіков шатырдың қардан уақытылы тазартылмау себебінен құлағанын айтты.


Жаңалықтармен бөлісу: