Алматы. 5 сәуір. ҚазТАГ – Оралда М.Өтемісов ат. санаторлық мектеп-интернатта кешкісін бір мезетте 11 бала ауырып қалды, деп хабарлады «Уральская неделя».
«Оралдағы мектеп-интернатта балалар жаппай ауырып қалды. Бесінші және жетінші кластағы 11 оқушы мектептегі медициналық оқшаулағышқа орналастырылды», - делінген жұмадағы хабарда.
Мекеме басшылығы балалардың ауырып қалғандығы туралы ақпарды растады.
«Кеше кешкісінгі сағат сегіздерде бір баланың жүрегі айнып, құсты. Ол дәрігердің көмегіне жүгінген, іле-шала басқа оқушылар да осындай жағдайға тап болған. Барлық оқушыларды медициналық көмек көрсету, өздерін нашар сезінулерінің себебін анықтау үшін біз оқшаулағышқа орналастырдық. Кешеден бері түні-бойы балалар дәрігердің үнемі бақылауында. Қазіргі таңда олардың жағдайлары жақсы», - деді мектеп директоры Майра Есенғазиева.
Оның ақпарынша, оқушылардың ата-аналарына жағдай туралы хабарланған.
«Санитарлық эпидемиологиялық стансаға телефон соқтық, комиссия келеді деп күтілуде», - деді директор.
Мектептің дәрігер педиатры Әлия Махметова ауырып қалан балалардың жүректері айнығанын айтты.
«Біз бірден асқазандарын шайдық. Түні бойы балалар бақылауда болды, температураларын өлшедік. Бәрі қалыпты. Балалардың аузында вирусты инфекция болған болуы мүмкін. Хаттама бойынша егер науқастың асқазанын шайғаннан кейін құсуы қайталанбаса, температурасы көтерілмесе, бізге жедел жәрдемді шақырмауымызға болады. Дәрігерді біз мектебіміз қарайтын №6 емханадан шақырдық»,- деді Махметова.
Оралдағы санаторлық мектеп-интернатта бір мезетте 11 бала ауырып қалды
