Оралда жасыл желектерді күтіп ұстауға Т1 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ

Орал. 20 наурыз. ҚазТАГ – Орал қаласында жасыл желектерді күтіп ұстау бойынша жұмыстарға Т1 млрд-қа жуық қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ; атауы - жасыл көшеттерді ұстау бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - 2025-2026 жылдары Орал қаласының көпжылдық және бір жылдық жасыл желектеріне күтім жасауды және отырғызуды жүзеге асыру; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т982 213 477,68», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 26 наурызда басталып, 3 сәуірге дейін жалғасады.

«Қала көшелеріндегі гүлзарлардың бекітілген көлеміне сай эскиздік жоба жасақтап, ұсыну. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, 10 күн ішінде автоматты суару үшін гүлзарлар мен қондыру алаңдарын ұсыну. Өндірістік жұмыс кестесінде гүлзарлар мен өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден химиялық препараттармен өңдеу жиілігін көрсету. Орал қаласының ауа райы тез құбылмалы болғандықтан, эскиздік жобаны бекітер кезде, құрғақ ыстық жазға және суық аязды қысқа төзімді өсімдіктерді таңдау. Ауа райына немесе басқа да жағдайларға байланысты эскиз тапсырыс берушінің келісімімен өзгертілуі мүмкін. Жыл басында көп жылдық өсімдіктерге түгендеу жұмыстарын жүргізу. Гүлдер эскизге сай отырғызылғаннан кейін өліп қалатын болса, мердігер мекеме 30 күн ішінде өз қаражаты есебінен қалпына келтіруге тиіс. Вандализм салдарынан гүлзарлар бүлінсе, тапсырыс берушімен бірлесе комиссия құрылып, шығын көлемі есептелген соң, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі», - деп сатып алынатын жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: kfh-fruktovyjsad.ru


adimage