Оралда жаяу жүргінші жолында қыз баланы қағып, бой тасалаған жүргізуші ұсталды

Күні: 14:48, 21-11-2019.

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ - Оралда жаяу жүргінші жолында қыз баланы қағып, бой тасалаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«Бірнеше сағаттан кейін күдікті ұсталды. Ол бұрын сотты болған 33 жасар ер адам болып шықты. Ол ЖКО жасағаннан кейін оқиға орнын тастап, жабық жасыл түсті Audi A6 көлігін «Шие бағы» бақша қоғамдастығына жасырған. Ұсталғаннан кейін ол алдымен бас тартқан, алайда кейін мойындап түсінік берген. Қазір күдікті УҰИ-ге тоғытылды. ҚР ҚК 345 бабы және 347 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады Орал полиция басқармасының бастығы Мерлен Айкенов бейсенбі күні.
Оның айтуынша, полиция құрамы 100% баланы қаққан жүргізушіні іздеуге шыққан.
«Полицейлер кейін ЖКО жасағанын мойындаған жүргізушіге келгенде ол алдымен көлікті біреулердің айдап кеткенін айтқан. Сосын қызметкерлер көршілерінен түсінік ала бастаған, содан ол тағы бір нұсқасын ойлап тапқан, ақыры соңында мойындаған. Ол бұрын сотты болған екен», - деді ПБ бастығы.
Бұған дейін хабарланғандай, 20 қарашада сағат 20.50-де бесінші ықшамауданда Нұр көшесінде белгісіз біреу 10 жасар қыз баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Қыз бала жедел-жәрдем келгенге дейін көз жұмған.


Жаңалықтармен бөлісу: