Оралда жаяу жүргінші жолында қыз баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған

Алматы. 21 қараша. ҚазТАГ - Оралда жаяу жүргінші жолында қыз баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған, деп хабарлады «Мой город» порталынан.
«ЖКО 20 қараша күні кешкі 20.50-де бесінші ықшамауданда Әбілқайыр хан даңғылы мен Желаев трассасы арасындағы шағын Нұр көшесінде орын алған. Жүргіщуші 10 жасар қыз баланы қағыпк еткен. Ол жолды жаяу жүргіншілер бөлігімен кесіп өтіп бара жатқан. Қызды қағып кеткен машина оқиға орнынан бой тасалаған. Қазір жүргізушіні анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қала бойынша қыз баланы қаққан көлік туралы ақпар таратылды. Машинаны іздестіріп жатырмыз. Жақын арада табамыз. «Ұстау» жоспары жүргізілуде. Барлық қаладан шығатын жол жабылды», - деді Оралдағы полиция басқармасының бастығы Мерлан Айкенов.
Хабарда айтылғандай, қыз бала алған жарақаттарынан жедел-жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмған.
«Жедел медициналық көмек стансасына сағат 20.51-де Бәйтерек ықшамауданында Нұр көшесінде жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабар келіп түскен. Жедел- жәрдем көлігі 20.57-де жеткен. Марқұм 2009 ж.т. қыз бала. Ол жедел-жәрдем жеткенге дейін мерт болып кеткен», - деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасынан. .
Кейін, БҚО полиция департамені баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдын-ала болжам бойынша Audi S4 немесе Audi S6 маркалы «әмбебап» типті жабық жасыл немесе жасыл түсті көлік жүргізушісі Бәйтерек ықшамауданында Нұр көшесінде №5 үй жанында кәмелетке толмаған қыз баланы қаққан.

adimage