Оралда жаяу жүргіншілер жолында қаққан қыз баланың сүйегін мәйітхана қызметкерлері шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген

Күні: 12:39, 22-11-2019.

Алматы. 22 қараша. ҚазТАГ – Оралда жаяу жүргіншілер жолында қаққан 10 жасар қыз баланың сүйегін мәйітхана қызметкерлері шатастырып, басқа біреулерге беріп жіберген, деп хабарлады «Уральская неделя».
«Біз қызымызды жерлеуге дайындалып жатқанбыз. Бүгін түстен кейін мәйітханаға қызымызды алып кетуге келдім. Мәйітхана қызметкерлері менің құжаттарыма қарап, менің қызымның денесінің жоғын, оны басқа біреулердің алып кеткенін мәлімдеді. Жағдайды анықтауға маған бірнеше минут кетті. Сөйтсек, Сайхинде тағы бір отбасы қан жұтып отыр екен, олар өз балаларын ертең жерлегелі жатыр екен. Бүгін менен екі сағат бұрын келіп баланы мәйітханадан алып кеткен, ал оларға қателесіп, біздің Айаруды беріп жіберген. Өзіміз қайғыдан қан жұтып отырғанда, бұл жағдай тіпті де есеңгіретіп тастады», - деді бейсенбі күні қаза тапқан қыздың әкесі Асылхан Қазиев. Ол атап өткендей, қызының мәйітін алып кеткен адамдармен әзер дегенде байланысқа шыққан.
«Олар біз хабарласқанда Маштексайдан өтіп бара жатқан, яғни Жаңғалы ауданында. Олар да есеңгіреп қалды, қазір олар кері Оралға келе жатыр. Жеке мен өзім мәйітхана қызметкерлерінің салғырттығына қатты қапалымын», - деді Қазиев.
Хабарда атап өтілгендей, Айару қаладағы белгілі музыкант Асылхан Қазиевтің үлкен қызы және облыстық филармонияның белгілі күйшісі және әртісі Ермек Қазиевтің немересі.
Еске салсақ, 20 қарашада сағат 20.50-де бесінші ықшамауданда Нұр көшесінде белгісіз біреу 10 жасар қыз баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Қыз бала жедел-жәрдем келгенге дейін көз жұмған. 21 қарашада күдікті ұсталды. ҚР ҚК 345 бабы және 347 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Жаңалықтармен бөлісу: