Алматы. 20 қазан. ҚазТАГ – Оралда жеңіл көлік «КамАЗбен» соқтығысты, 5 адам жарақат алды, деп хабарлады мембАҚ.
«Жексенбіде сағат 19.25-те ЖКО орын алды. Lada Granta Селекционный ауылына қарай бара жатқан, ал тіркемесі бар «КамАЗ» Конкин көшіесінен Шолохов көшесіне қарай бұрылған. Lada бұрылыс алдында тоқтаған. «КамАЗ» бұрыла берген кезде Lada Granta сол жағынан келіп соққан», - делінген жарияланымда.
Ақпарға сәйкес жеңіл көлік жолаушылары зардап шеккен. Көліктен тек баласы бар әйел ғана өз еркімен шыққан. Қалғандары құтқарушылардың көмегімен шығарылған. Ауыр халдегі әйел ауруханға жеткізілді. Ал ер адамның омыртқасы жарақатанса жеңіл жарақат алған жүргізуші-әйелді де ауруханаға алып кеткен.
Апат орнында тергеушілер жұмыс жасап жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
АҚШ азаматы Юлия Гагаркинадан Бурабайдағы клиника ғимараты мен "Лексус" тәркіленді5 Маусым 2023, 19:17
-
Қамауда отырған Қайрат Сатыбалды Алматының орталығынан қонақүй сатып алды5 Маусым 2023, 19:00
-
Қазақстан ОАӨЭЫ институтын құру туралы келісімді ратификациялады5 Маусым 2023, 18:51