Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Күні: 13:02, 26-02-2019.

Ақтөбе. 26 ақпан. ҚазТАГ – Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
О. Оразалинді облыс активіне ҚР премьер-министрі Асқар Мамин таныстырды.
Бұған дейін хабарлағандай, Ақтөбе облысының экс-әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін О. Оразалин ҚР президенті әкімшілігі басшысының орынбасары болған, ол қызметке 2017 жылы 22 наурызда тағайындалған. Сондай-ақ, 2014 жылдың мамырынан бастап ҚР президенті әкімшілігінің мембақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: