Ордабасыда үш балабақша ашылды

Күні: 19:33, 15-10-2014.

Шымкент. 15 қазан. ҚазТАГ – Бүгін Ордабасы ауданында мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында 3 жаңа балабақша ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімінің сайтында жарияланған хабарда айтылғанай, Ордабасы ауданының әкімі С.Сапарбаев бастаған аудан басшылары мен зиялылары алдымен Қажымұқан ауылдық округінде пайдалануға берілген «Балбөбек» балабақшасының ашылу салтанатына қатысты. 120 орынға арналған бұл мектепке дейінгі ұйымды облыстық қазына есебінен «Асар» ЖШС-гі жүргізді. Қос қабатты ғимаратта тәрбиеленушілер үшін барлық жағдайлар жасалған, балғындардың логикалық ой қабілетін дамытуға бағытталған ойын залдары, дене шынықтыру және медициналық көмек көрсету бөлмелері жабдықталған. Ал аудан ортылығы Темірлан ауылында «Шырайлым» балабақшасы іске қосылды. Жеке кәсіпкер Зәуре Ізтілеудің жеке қаржысы есебінен салынған бұл балабақша 140 баланы қабылдау мүмкіндігіне ие. Қазіргі таңда мұнда 34 адам жұмыспен қамтылып отыр. Мектепке дейінгі бұл ұйымда балғындардың жатын бөлмелері, ойын және дене шынықтыру залдары талапқа сай жабдықталған. Аудандағы халқы көп қоныстанған Бадам елді мекенінде 100 орынға арналған «Раяна» балабақшасы пайдалануға берілді. Жергілікті тұрғындар санатындағы 26 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтыған бұл балабақша да мемлекет пен жееке кәсіпкерлік әріптестігі аясында ашылып отыр. Мектепке дейінгі бұл ұйым балаларға арналған заманауи ойыншықтармен қамтылған. Осы балабақшалардың ашылу салтанатында сөз алған аудан басшысы Самат Сапарбаев бүгінгі таңда ауданда 14 мемлекеттік, 15 жеке меншік, барлығы 29 балабқша ашылғандығын айтып, оларда 4071 бүлдіршін қамтылғандығына тоқталды. Сонымен қатар 19 мектептің жанынан ашылған шағын орталықтарда 850 бүлдіршін тәрбиеленуде. «Ауданымызда мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшамен қамтылуы 65,2 пайызды құрайды. Жыл соңына дейін қосымша 3 балабақша мен 3 мектеп жанынан шағын орталық ашылады»,-деп мәлімдеді аудан басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: