Тараз. 10 ақпан. ҚазТАГ - Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«10 ақпанда Қордай ауданының Ауқатты ауылында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған Үкімет комиссиясы Қордай ауданының Қаракемер, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе, Бұлан батыр ауылдарының ақсақалдарымен кездесу өткізді. (...) Кездесуде проблемалық мәселелерді шешу жолдары, қоғамда келісім мен бірлікті сақтау талқыланды. Ақсақалдар жастармен рухани тәрбие жұмыстарында кемшіліктер бар деген тоқтамға келді, осының салдарынан тұрмыстық кикілжің барша жұртқа жария болған оқиғаға айналды. Ақсақалдар аталған елді мекендерді қамтитын бірлескен Ақсақалдар кеңесін құру туралы келісімге келді. Бұл ауылдардағы тұрмыстық проблемаларды ауыл ақсақалдары ортақ Кеңесте шешетін болады. Олар жастармен тәрбие жұмыстарын жүргізіп, Қордай ауданында тұратын барлық ұлттардың арасында бірлік рухын нығайту үшін бірлескен мәдени-спорттық сипаттағы ойын-сауық шараларын ұйымдастыру міндеттемелерін алды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Жиынға облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ауыл ақсақалдары, беделді тұрғындар, ардагерлер кеңестерінің төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары қатысты.
«Біз бала кезден доспыз, бірге өстік, бірге жұмыс істедік, қайғыда да, тойда да бірге жүреміз. Жастар бір-бірімен араласуы керек, сонда олар бір-біріне жақындай түседі. Біз 11 ақпанда Сортөбеде бас қосуға келістік. Біз өз ақсақалдарымызды, олар өздерінің ақсақалдарын алып келеді. Алдағы уақытта қайталанбауы үшін туындаған барлық мәселелерді талқылаймыз», — деді қоғам қайраткері, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдібек Сейілханов.
Масанчи ауылының тұрғыны Луу Исхар да қоғамда бірліктің сақталуына қатысты өз ойын жеткізді.
«Үстел басында бас қосып, мәселеге нүкте қою үшін барлық құрметті ақсақалдар жиналады. Арғы күні Масанчиде мешітте бас қосамыз. Неліктен мешітте? Біз барлығымыз мұсылманбыз, достықты нығайтып, Құран оқып, осындай жағдайлар қайталанбауы үшін бата беру үшін мешітте жиналамыз. Жүз қырық жылдай бірге тату өмір сүріп жатырмыз, адамдық қасиеттері жоқтардың кесірінен осындай жағдай орын алды. Бұл біз үшін өте айыпты жағдай болды. Біз бұл мәселелердің барлығын шешуге тырысамыз», — деді ол.
Осы ауданнан шыққан кәсіпкерлер туған өлкесін қалпына келтіру және дамыту үшін қаржылай және материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді.
«Мені туған ауылымның жағдайы аса толғандырады. Мен мұнда балабақша, спорт кешенін салдым. Қазір сауықтыру орталығын салып жатырмын. Бизнесмендерді өздерінің туған ауылдарын абаттандыруға шақырамын. Өкінішке орай, бұл бұрыннан бар мәселе. Ағартушылық жұмыстар жүргізіп, бірлескен мәдени-бұқаралық шаралар өткізіп, жергілікті халықтың басын біріктіру керек», — деді бизнесмен, Қаракемер ауылының тумасы Қайрат Молдасейітов.
Еске салсақ, 7 ақпанда кешкісін Жамбыл облысының полицейлері Сортөбе ауылында ауылдықтар полиция көлігіне тас лақтырғанын, кейін Масаншы ауылында жаппай төбелес орын алғаны туралы хабар таратқан еді, ол туралы тергеу амалдары басталды. Өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалдың тоқтатылғандығын және жағдайдың бақылауда екенін растады. ПД әлеуметтік желілерде Қордай ауданының екі ауылында Сортөбе және Масаншы ауылдарында ұлтаралық жанжалдың туындағаны туралы хабар тарағаннан кейін ғана ресми ақпарат таратты.
Кейін Сортөбеде тұратын Қазақстандағы дүнгендер қауымдастығының төрағасы Хусей Дауров ҚазТАГ ХАА-ға полиция мәлімдегенмен, Масаншыдағы жағдайдың бақылауда еместігін, жағдайдың ушығып бара жатқанын жеткізді. Кейін ол өзінің де соққы алғанын, ал ауылдың өртеніп және ойрандалып жатқанын айтты. Аталмыш ақпарға түсінік берген Жамбыл облысы ПД кезекшісі ол туралы білмейтінін айтты.
Қазақстан халықтар Ассамблеясы мәжілістің депутаттар тобының мүшесі Шәкір Хахазов Дауровтың сөзіне түсінік бере келе, жағдайдың ол айтқаннан гөрі басқа екенін, жағдайды дұрыс түсіну керектігін айтты.
8 ақпанға қараған түні жағдайға түсінік берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның Қордай ауданындағы жағдайды тұрақтандырғанын және оны бақылауға алғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұзақылық пиғылдан төбелес басталған, ал оны арандатушылар пайдалануға тырысқан. Президент кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді. Алайда 8 ақпан күні ертеңгісін Дауров ҚазТАГ агенттігіне күш құрылымдарының Масаншыдағы бүлікті тоқтатқанын, алайда көрші Бұлар батыр ауылында өрттің басталғанын, яғни адам өлімінің болып жатқанын айтты. Бұған дейін ҚазТАГ ХАА берген сұхбатында ол адам өлімінің 11-ге жетуі мүмкін екенін айтты, сондай-ақ ол егер күш құрылымдары жағдайға бір күн бұрын мән бергенде адам өлімін болдырмауға болатын еді деді.
8 ақпанда күндіз Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жанжал барысында сегіз адамның қайтыс болғанын, тағы шамамен 40 адамның жарақат алғанын, олардың арасында екі полицейдің жарақат алғанын айтты. Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданында қаза тапқандардың барын растады және тергеу жүргізуді тапсырды. ІІМ-де нақтылағандай, төбелеске қатысу үшін Масаншыға басқа ауылдардан 300-ден астам адам жиналған.
ҚР ҚК 272 бабы (жаппай бұзақылықты ұйымдастыру және қатысу), 99 бабы (адам өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлығы 47 адам ұсталды, алайда 8 ақпан күні кешкісін ұсталғандардың барлығының босатылғаны белгілі болды.
8 ақпан түнде белгілі болғандай, Қырғызстанның Қордай ауданындағы жағдайға байланысты Қазақстанмен шекарадағы күзетті күшейткені белгілі болды. Кейін белгілі болғандай, Қазақстандағы бүліктен қашқан дүнгендерді Қырғызстан панасына алған. Негізінен шекарадан әйелдер мен балалар өтіп кеткен. Қырғызстанда Қазақстаннан қашқандар үшін гуманитарлық көмек жинап жатыр.
9 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, арандатушылардың кінәсінен, меморган қызметкерлерінің салғырттығынан қан төгілді. Мемлекет басшысының айтуынша, кінәлілердің барлығы жазаланатын болады. Қордай ауданында ТЖ режимі енгізілді.
Кейін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасында Қордай ауданындағы бүлік салдарынан қаза тапқандар санының 10-ға жеткенін хабарлады. Ондаған адам зардап шеккен, олардың 40 шақтысы қазақстандық ауруханаларда жатыр, тағы 25-і Қырғызстандағы ауруханаларда. Тәртіпсіздіктер барысында бес полицей зардап шеккен, олардың үшеуіне оқ тиген.
Полицейлердің мәлімдеуінше, бүліктің шығуына жол бойындағы жанжал себеп болған. Сондай-ақ ІІМ арандатушы болуы мүмкін адамды ұстаған, соның үндеуінен кейін тәртіпсіздік басталған болуы мүмкін. Полицейлер төбелес кезінде қарт кісінің жарақаттанғанын растады, алайда бүлік осыдан кейін басталды-мыс деген ақпарат расталмады.
Қазақстан билігі бүлінген үйлерді қалпына келтіруге уәде берді және Қырғызстанға қашқан дүнгендерді кері қайтуға шақырды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34