Орта есеппен екпе 16-64 жас аралығындағы сау адамдардың 60%-ын тұмаудан қорғайды – ДДСҰ

Алматы. 22 қазан. ҚазТАГ - Орта есеппен екпе 16-64 жас аралығындағы сау адамдардың 60%-ын тұмаудан қорғайды, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ).
«Қыс жақындап келеді, онымен бірге тұмау эпидемиясы да алыс емес. ДДСҰ тұмаудан қорғануға дайындалуды, ең алдымен тұмауға қарсы екпе алуды ұсынып отыр. ДДСҰ тұмауға қарсы екпені әр адам, әсіресе бес жасқа дейінгі балалар мен демікпе, қант диабетімен ауыратындар міндетті түрде алуы керек деп санайды. Алайда ғалымдар бұл кезеңде тұмаудың нақты қандай вирусы болатынын білмейді, екпе жасау кезінде олар көптеген факторларды ескереді, ал ақырғы шешімді ДДСҰ қабылдайды. Екпенің 16-64 жастағы сау адамдардың 60%-ын тұмаудан қорғайтыны дәлелденген. Екпе укол салынғасын екі аптадан кейін ғана әсер ететінін ескеріңіздер», - делінген БҰҰ Жаңалықтары сайтында жарияланған хабарда.
ДДСҰ тұмау вирусының ауа арқылы тарайтынын еске салды.
«Сондықтан, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды жабыңыздар, тек алақанмен емес, себебі ол кезде сіз басқаларына оңай жұқтырасыздар, қол алысқанда немесе заттарды ұстау арқылы. Сондықтан ауызды сулықпен немесе қолмен, мысалы шынтақ тұсымен жапқан дұрыс. Және қолды күні бойы жиі жууды ұмытпаңыздар», - делінген хабарда.
Тұмау белгілері байқалғанда – дене қызуы, тамақтың ауыруы, жөтел – ДДСҰ сарапшылары байбалам салмауды және жедел –жәрдем шақырмауды ұсынады.
«Демалыңыздар, көбірек сұйықтық іщіңіздер, сонда вирус өз-өзімен кетеді дегенмен егер сіз тәуекел тобына жатсаңыз, онда дәрігерге қаралыңыз,. Өз-өзіңізді емдемеңіз, антибиотиктер қабылдамаңыз», - дейді ДДСҰ.
Десек те, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпарынша, жыл сайын тұмаумен ауырған көптеген адам ешқандай көмегі жоқ антибактериалды препараттар қабылдайды екен.
Атап өтілгендей, тұмау – өте қауіпті ауру, ол тіпті адам өліміне ұласып кетуі мүмкін.
«Ол әсіресе, кішкентай балалар, жүкті әйелдер мен жүрегі ауыратын, созылмалы ресапираторлық және өкпесі ауыратындар, қант диабетімен ауыратындар үшін қауіпті. жыл сайын тұмаудан 65 жастан асқан 60 мыңнан астам егде адам көз жұмады», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Қазақстанда Т1,6 млрд сомаға тұмауға қарсы екпе сатып алынды, деп хабарлады Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 18 қазанда.
«2019 жылы мемлекеттік бюджеттік қаржы есебінен Т1,6 млрд сомаға Ресейде шығарылған «ГРИППОЛ+» екпесінің 1,8 млн дозасы сатып алынды, бұл былтырғы кезбен салыстырғанда 300 мың дозаға артық. Екпеде алдағы маусымдағы тұмау штаммы бар», -деді Бекшин жұмадағы баспасөз мәслихатында.
Ол қазіргі таңда республика бойынша тұмауға қарсы 590 621 адамның екпе алғанын, екпеден кейінгі ауырсыну жағдайларының тіркелмегенін жеткізді.
Сондай-ақ, Бекшин мәлімдегендей, ресейлік екпелерден бөлек Қазақстанда тұмауға қарсы тағы төрт екпе барын еске салды: француздық «Ваксигрип» пен «Ваксигрип Тетра», голландық екпе «Инфлювак» және қытайлық «Синовак Биотек».


adimage