Орталық сайлау комиссиясы Қосановты Қазақстан президентіне кандидат ретінде тіркеді

Күні: 18:44, 06-05-2019.

Астана. 6 мамыр. ҚазТАГ – Орталық сайлау комиссиясы Әміржан Қосановты Қазақстан президентіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы» қаулы қабылданды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Сондай-ақ, президенттікке кандидат Әміржан Сағидрахманұлы Қосановтың тіркелгені туралы мәліметтер арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына беру туралы шешім қабылданды.
Қосановты 27 сәуірде «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі ұсынған еді.
Еске салсақ, 19 наурызда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін 2019 жылдың 20 наурызынан бастап тоқтататыны туралы жарлыққа қол қойған еді. Келесі президент сайлауына дейін елді уақытша сенаттың экс-спикері Тоқаев басқарады.
9 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялады, ол үндеуде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс президент сайлауы өтетін мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: