Қосанов «сайлау кампаниясының» денсаулығына тигізген «әсерінен» ауруханаға жатты

Алматы. 14 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті сайлауына «Ұлт тағдыры» қоғамдық қозғалысынан қатысқан экс-кандидат Әміржан Қосанов «сайлау кампаниясының» денсаулығына тигізген «әсерінен» ауруханаға жатты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сайлау кампанисы маған оңай боолған жоқ. Ауыртпалығы өте жоғары болды, оның денсаулығыма да әсені тиді. Қазір мен ауруханадамын, ем қабылдап жатырмын», - деп жазған Қосанов жұма күні әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, 9 маусымда Қазақстанда сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтар мен Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы фонында президент сайлауы өтті. Сайлау жеңімпазы болып қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев танылды. Оны ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтті. .
Алматы мен Нұр-Сұлтандағы митингілер мен ұстаулар 9-12 маусым аралығында өтті. .
Қосанов сайлау процесінің өту барысына шағымы жоқ екенін мәлімдеді. Ол мұндай мәлімдемені сайлау учаскелеріндегі көптеген бұзушылықтардың орын алуы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққандардың жаппай ұсталуы барысында жасады. Сонымен қатар, «Ұлт тағдыры» қозғалысынан қатысқан кандидат Тоқаевты экзит-полл нәтижесі жарияланғаннан кейін, Орталық сайлау комиссиясы қорытындыны жариялағанға дейін-ақ жеңімпаз деп таныған. «Оппозициядан кандидат ретінде» қатысқан Қосановтың пікірінше қазіргі президент Тоқаев «қоғаммен диалог жүргізу ниетін растаған».

adimage