ОСК төраға орынбасары Владимир ФООС: ХАЛЫҚ САЙЛАУ НАУҚАНЫНА ҚОЛ СІЛТЕМЕЙ, БЕЛСЕНДІ АРАЛАСУЫ ТИІС

 Астана. 23 қараша. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Электоральдық үдеріске сайлаушылардың теріс ниетпен қарауы сайлау қорытындысына алдын ала сенбейтін партиялар мен саяси тұлғаларды қалыптастырып, сондай-ақ қазақстандықтардың «жалқаулығы» мен олардың сайлау науқанына деген немқұрайлығын тудырады, деп есептейді Қазақстан Орталық Сайлау комиссиясының төраға орынбасары Владимир ФООС. Алдағы мәжіліс және мәслихат сайлауына қатысты осы және басқа да өзекті проблемалары туралы ол ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында айтып берді.

 

- Бүгіндері барлық дерлік интернет форумдардағы №1-ші тақырып – ол сайлаулар. Осы жайлы пікір білдіргендердің көбінің бұған қатысты пиғылы теріс. Олар сайлау учаскесіне келгенде оның фамилиясының тұсында дауыс берген деген  белгі тұрғандарын көргені туралы жазуда. Көбі, егер біз үшін барлығы бұрын-ақ шешіліп қойылса, сайлауға барудың керекгі қанша деп сұрайды... Сіз осы сияқты пікірлерге қалай қарайсыз?

 

- Сайлауды ұйымдастырушылардың тарапынан жіберген жекелеген бұзушылықтар сіз айтып отырғанға әкеліп, сайлауға деген сенімнің жоғалуына соқтырады. Екіншіден, сіз, бәлкім, байқаған боларсыз, осы мәселе туралы жиі айтып жүрген саяси партиялар мен саяси тұлғалар екенін...

Сайлау науқаны әлі басталған жоқ, ал олар оған бұрламалған деген таңба салып тастады. Бәрі де «жаман» дей берсе, халық санасында да бір нәрсе қалады. Бұл, бір жағынан.

Одан соң, біздің менталитет... Маған режімей-ақ қойсын. Қараңызшы: сайлаушыларға  тізімді тексеруге, сайлау учаскелеріне келуге, тексеруге, өзгерістер енгізуге, тізімге енгізуін талап етуге 15 күн беріледі. Бірақ оны ешкім де істемейді. Көбі соңғы күні – сайлау күні келеді. Ал ол күні шынымен де көп нәрсені істей алмайсыз. Ол да біздің жалқаулығымыз. Немесе байкотқа шақырады, әлде-кімдер басқаға...

Жалпы айтқанда, сайлау науқаны – сайлау туралы толғаулар, әр түрлі пікірлер тоғысатын уақытжәне ол қалыпты да шығар.

Ал бұзушылықтар орын алып жатса, біз, әрине, оларды болдырмауға әрекеттенеміз. Біріншіден, біз өзіміздің сайлау комиссияларын ондай бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз. Бірақ, бәріміз адамбыз, адами факторды жоққа шығаруға болмайды.

Біз, әрине, сайлаудан соң ол бұзушылықтарды талдауға тырысамыз. Егер келешекте заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізу арқылы оны түзету мүмкін болса, біз соған тырысамыз. Белгілі бір бұзақылау фигуралардан біз оларды әкімшілік жолмен не тәртіптік жолмен жазалау арқылы құтыламыз.

Осындай оқиғалар болмас үшін, бәлкім, барлық адам сайлау науқанына араласып, оған қол сілтемегені дұрыс болатын шығар, себебі адамдардың көбі оған қол сілтесе, онда сайлауға келмегендер үшін дауыс бере салуға дайын тұратын адамдар табылатын шығар. Бұл жекелеген оқиғалар, олар ерекше жағдайлар, бірақ олар екерше назарда, сондықтан осындай шу шығады.

 

- «Азат» ЖСДП партиясының ОСК олардың партиясының сайлау комиссияларындағы өкілеттіктеріне қатысты құқытарын шектеуде деп айтқан мәлімдемесіне түсініктеме беріңізші.

 

- Заңда, саяси партиялар сайлауға дайындық және өткізу кезінде, яғни бүкіл электрольдық кезеңге комиссия құрамында кеңесші дауыс құқығы бар мүшелері жоқ комиссияларда өкілеттік құқығы бар деп айтылған. Яғни, сайлау алдында, немесе сайлау күні емес, бүкіл сайлау науқаны кезеңіне.

Сондықтан олар кеңесші дауыс құқығы бар деп тегін аталмайды, яғни олар мәслихаттар сайлаған комиссия мүшелерімен бірдей жұмыс істеуі тиіс.

«Сайлау туралы» заңға сай сайлауды тағайындаған соң, территориялық және округтық сайлау комиссиялары үшін -10 күн ішінде, учаскелік салау комиссиялары үшін - 7 күн ішінде олардың құрамдары нақтыланып және жарияланады.

Сондықтан біз барлық саяси партияларға осы уақытта 10 күн ішінде округтық территориялық сайлау комиссияларына және учаскелік сайлау комиссияларына 7 күн ішінде өз өкілдерінің кандидатураларын беруді ұсындық,  

16 қарашада біз бұл хатты барлық облыстық сайлау комиссиялары мен саяси партияларына жібердік. Өздеріңіз көріп отырғандай, бізде оны барлықтары алып, ол бойынша жұмыс істеуде.

Иә, ЖСДП-мен келеңсіз келіп қалды, оның себебі бізге байланысты емес, ол ЖСДП-ға байланысты болды. Біз олармен факс арқылы байланыспақ болдық, бірақ, өкінішке қарай, барлық саяси партиялармен байланыса алдық, ал ЖСДП-мен – жоқ. Олардың байланысының қандай кінәратының барылығында, факс өшірулі тұрды ма, әлде бұзық па, онда біздің шаруамыз жоқ.

Одан басқа, біз ол хатты тікелей пошта арқылы да жібердік. Одан кейін ЖСДП мәлімдемесі шықты.

Мені, шынымды айтсам, өздерінің өкілдерін берудің орнына олар мәлімдемелерін жариялай бастағаны таң қалдырады. Олар: «бізде ЖСДП өкілдерінің дауыс санау барысын қадағалауға тосқауыл қоюды көздеп билік біздің алдымызға кезекті жасанды кедергісін қойып отыр деп пайымдауға негіз бар», - деп жазады.  

Ал мен, бұл жағдайда, олар қулық жасап отыр деп есептеймін. Себебі әр саяси партия сайлау науқанының бүкіл барысында әр сайлау учаскесінде үш сенімді өкілін ұстауына құқығы бар. 9757 сайлау учаскелерінде, шамамен 30 мың адам. Ол елеулі күш.

Одан басқа саяси партиялардың бақылаушыларының саны атап көрсетілмейді. Саяси партиялардан болатын бақылаушылар кез келген сайлау учаскелерінде және кез келген сайлау комиссияларында болуына, дауыс санауды және қорытынды шығаруды және т.б.  қадағалауға құқығы бар. Қандай кедергі туралы айтып отыр?  

Бәлкім, ең соңғы сәтте келгісі келіп отырған шығар? Бірақ ол үшін, мен айтқандай, бақылаушылар мен сенімді өкілдер бар. Егер аталған мерзімге сіздер өздеріңіздің кеңесу дауыс құқығы бар өкілдеріңіздің тізімдерін бермесеңіз, онда сізде 1 учаскеге 3 адам сенімді өкілдеріңізді және плюс сайлау күні әр сайлау учаскесіне бақылаушыларды беру құқықтарыңыз болады. Олар бақылайды, қадағалайды, суретке түсіреді және барлығын тіркеп отырады.

Екінші жағынан, егер осыған қатысты бізге шағым түсетін болса, ОСК оны қарайды. Ал мен сізге қазіргі жағдайды сипаттадым.

 

- Осындай жағдай электоральдық кезеңде көп бола ма, бәрі де тегіс бола бермейді ғой?

 

- Әрине, біздегі жағдай әр түрлі болып келе береді. Кейбір партиялар бірден «электоральдық науқанның осылайша басталуы үлкен өкініш пен алаңдаушылық тудырады...» деп жар сала бастайды. Кейбір саяси партияларды тұмшалап жатқан сияқты көрінер. Бірақ менде кейбір партиялар алдын ала өздерін ақтап алғысы келіп отырғандай. Бұл менің жеке пікірім, және мен оны айтуға құқығым бар.

Бірақ кейбір саяси партиялардың әрекеттеріне қарасаңыз, сайлау олар үшін күтпеген жағдай сияқты... Ал олар болса 5 жылдан бері: «Парламентке мезгілінен бұрын сайлау өткізіңдер» деп айқайлап келе жатыр. Олардың айтқандары болсын десек, қайтадан олар үшін күтпеген жағдай екен. Заң бойынша бекітілген 2 ай мерзімде сайлау өтулері керек, ол да аз екен. Әрине, ондай оқиғалар бар және болады, және біз одан ешқайда қашып құтыла алмаймыз.

 

- Сіз қалай ойлайсыз, ҚКП-ны тура сайлау қарсаңында ойыннан әдейі шығарып тастады ма?

 

- Ол сауалды бізге қоймаңыз. Партияның жұмысын сот арқылы тоқтатқан екен, онда сайси партия сайлау науқанына қатыса алмайды. Ал олардың жұмысын тоқтатуға негізге келсек... Оны сот қарады, демек, оның елеулі негізі болған. Сотқа негіз болғаны - саяси партиялар туралы заңнаманың бұзылуы және басқа да себептер болуы мүмкін.

 

- Сізден қандай саяси партиялар сайлауда жеңетіні туралы ОСК-дағы лауазым иесі ретінде емес, жеке өзіңіздің пікіріңізді білуге бола ма?

 

- (Күлді). Білмеймін. Сайлаудың аты – сайлау. Яғни, саяси партия немесе, үміткерлердің рейтингтері сайлау басында, ортасында және соңында әр түрлі болып келе береді. Бәрі де саяси партия немесе үміткер өзін қалай көрсете білгеніне байланысты. Бәлкім олар ол кезге сайлаушыларды мезі етер. Бәрі саяси партяиларға байланысты.

Шындап келгенде, сайлау науқаны, әсересе үгіт-насихат дегеніміз не? Ол сайлаушыларға әсер ету, қандай да саяси бірлестік үшін келіп дауыс беріңдер деп халықты сендіре білу. Елестетіп көріңізші, халыққа әр түрлі субъектілерден қанша әсер болады? Қалай көндіреді?

Ал, былайша, бал ашу, ОСК мүшесі ретінде де, қарапайым сайлаушы ретінде де - лайықсыз тірлік.

 

- Алдағы сайлауда қанша сайлау комиссиялары және сайлау учаскелері болатыны туралы айтпас па екенсіз?

 

- Бүгін республикада сайлау учаскелерінің шекарасы мен учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жарияланатын соңғы күн. Осыдан кейін біз мәліметтерді жинап және қанша сайлау учаскесі барлығын дәл айтамыз.

26 қарашада мәслихат депутаттарының сайлауы жөніндегі сайлау округтарының шекарасы мен округтық және территориялық сайлау комиссиясының құрамы жарияланатын соңғы күн.

Мен шамамен айтсам: 223 территориялық облыстық, аудандық және қалалық комиссия; 3335 – бұл республика бойынша жалпы округтер саны және соншама округтық сайлау комиссиясы; 9757 сайлау учаскесі, әрине, соншама сайлау комиссиясы бар. 

Көріп отырғаныңыздай, комиссиялар мен олардағы мүшелер де едәуір сан. Сайлауды ұйымдастыру мен өткізуде үлкен армия жұмыс істеп жатыр. Сондықтан осылардың барлығын – шамамен 100 мың адамды бірден адал емес деп айып таққанда, біздің адамдарымыз үшін жаның аурады. Айыпталып отырғандар үшін де, айып тағып отырғандар үшін де. Екіншілері үшін ауратыны – олар сайлаудың қыр-сырын өте нашар біледі.

 

- Сұхбатыңыз үшін рахмет!


adimage