Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Қостанай қаласының жаңа әкімі тағайындалды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«01 ақпан күні облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жаңадан тағайындалған Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовты актив жиналысында таныстырды», - делінген жұмадағы хабарда.
Бұған дейін бұл қызметті 2015 жылдың қыркүйегінен бастап Базыл Жақұпов атқарған еді.
54 жасар Қ.Ахметов 2000 жылғы наурыздан бастап мемлекеттік қызметке орналасты. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық басқармасының бастығы лауазымын атқарды. 2002 жылғы қазаннан бастап 2006 жылғы сәуір аралығында – Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2006 жылғы маусымнан бастап 2007 жылғы қыркүйек аралығында – Қостанай облысы ауыл шаруашылық департаментінің директоры. 2007 жылғы қыркүйектен бастап 2010 жылғы қазан аралығында – Қостанай облысы Қарасу ауданының әкімі. 2010 жылғы қазаннан бастап 2016 жылғы маусым аралығында – Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі. 2016 жылғы шілдеден бастап осы тағайындауға дейін Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі қызметін атқарған.
Қостанай қаласының жаңа әкімі тағайындалды
