Қостанай аудандық ауруханасының базасындағы провизорлық стационар жабылды

Алматы. 11 тамыз. ҚазТАГ – Қостанай аудандық ауруханасының базасындағы провизорлық стационар жабылды, деп хабарлады alau.kz.
«Бүгін Қостанай аудандық ауруханасының базасындағы провизорлық стационардан соңғы науқастар жазылып шықты. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты аурухана басшылығы провизорлық стационардың жабылғаны туралы хабарлады. Перзентхана және хирургиялық бөлімше базасында дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Алдағы уақытта акушерлік-гинекологиялық және хирургиялық бағыттағы науқастарды шұғыл және жоспарлы түрде қабылдау және емдеу жұмыстары қайта жанданады», - деп хабарлады дүйсенбі күні Instagram парақшасында облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дүйсенбі күні.

adimage