Қостанай маңында өлтірілген қыз баланың ісі бойынша немқұрайлық танытқан полицейлер кінәсін мойындамақ

Алматы. 1 қазан. ҚазТАГ – Қостанай маңында өлтірілген қыз баланың ісі бойынша немқұрайлық танытқан полицейлер кінәсін мойындамақ, деп хабарлады «Алау».
«Қостанай аудандық соты Қостанай АІІБ ЖКҚ екі қызметкері Алмат Ермақанов пен Руслан Рыжеволовқа қатысты істі қарау басталды. Қостанай аудандық ішкі істер бөлімі патрульдік полиция құызметкерлеріне немқұрайлық танытқан деген айып тағылуда. Соның салдарынан жоғарыдағыдай ауыр жағдай орын алған. Қорғау кінәларан мойындау туралы процессуалдық келісім қорытындысы туралы өтініш берді. Cот өтінішті қабыл алды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.  .
Хабарда атап өтілгендей, келесі отырыс 3 қыркүйекте өтеді.  
Еске салсақ, жоғалып кеткен Д.Махартованың денесі 21 шілдеде орман жолынан табылған. Аталмыш дерек «аса қатыгездікпен өлтіру» бабы бойынша тіркелген.  Іс бойынша екі күдікті ұсталды. Сонымен қатар, аталмыш іс бойынша сот алдында екі полицей жауап берді. Іс бойынша 30-дан астам сараптама тағайындалды. Аталмыш істі тексеру жалғастырылуда

adimage