Қостанай облысында 94 жасар ҰОС ардагерін зейнеткердің өлімі үшін соттады

Күні: 12:56, 15-02-2019.

Алматы. 15 ақпан. ҚазТАГ – Қостанай облысы қылмыстық соты Затобольск ауылының 94 жасар тұрғыны Иван Сурковты зейнеткердің өлімі үшін айыпты деп танып, оған 7 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындалды, деп хабарлады «Алау».
«Сотталушының 7 жылға бас бостандығы шектелді. Оған психиатрдан мәжбүрлі түрде ем алу тағайындалды. Сотталушы сот шешімімен келіспейді», - деп жазады басылым.
Еске салсақ, оқиға 2018 жылдың 21 тамызында орын алған. И. Сурков өзінің 80 жасар балдызы Николай Давыдовты гантелмен ұрып, пышақ салған. Зейнеткер көз жұмды. Сотта айтылғандай, ардагер соғыс жылдарында үш рет зақым алған. 2016 жылы оның үйіне шабуыл жасалған. Осы деректердің барлығы, соттың ақпарынша, оның психологиялық денсаулығына әсер етсе керек.


Жаңалықтармен бөлісу: