Қостанай облысында алдағы екі тәулікте дауылды ескерту жарияланды

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ – Қостанай облысында алдағы екі тәулікте дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 22, түнде 23 қаңтарда Қостанай облысының қар, бұрқасын, кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, екпіні 30 м/с және одан аса күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 95%.

adimage