Қостанай облысында алкоголь өнімін дайындаған жасырын цех анықталды

Қостанай. 12 тамыз. ҚазТАГ - Қостанай облысында алкоголь өнімін дайындаған жасырын цех анықталды, деп хабарлады ҚР қаржы министрлігінің (ҚМ) қаржылай мониторинг комитетінің (ҚМК) баспасөз қызметінен.
«Жүргізілген шұғыл-іздестіру шаралары нәтижесінде Қостанай облысы Жітіқара тұрғыны ұсталды, ол жеке үйінде алкоголь өнімін құятын астыртын цех ұйымдастырған», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өткендей, цехты тексеру барысында спирт қосылған сұйық, өнімді құюға арналған жабдықтар, түрлі ыдыстар, сондай-ақ, заңсыз кәсіпкерлік қызметте қолданылған материалдар анықталды.
«Жітіқара аудандық сотының өкімімен заңсыз цехтың иесі әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыпты деп танылып, айыппұл салынды. Спирт қосылған барлық сұйықтық тәркіленді», - делінген хабарда.

adimage