Астана. 22 қазан. ҚазТАГ - Қостанай облысында аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Қостанай ауданы әкімдігінің «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы С.М. Сыздықовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. (…)2019 жылдың 21 қазанындағы Қостанай аудандық сотының үкімімен Сыздыков С.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Агенттікте атап өткендей, Сыздықов Қостанай облысы Затобольск ауылында жылыжай кешенінің құрылысына жер телімін бөлгені үшін азаматтан Т500 мың (бұған дейін келісілген Т1 миллионнан) сома көлемінде пара алды деп күдіктелген еді.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08