Қостанай облысында автобус пен трактордың соқтығысуынан екі адам мерт болып, үшеуі зардап шекті

Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ – Қостанай облысында автобус пен трактордың соқтығысуынан екі адам мерт болып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
«3 қазан күні сағат 20.00 шамасында Рудный-Қашар тас жолында вахталық автобус пен трактордың соқтығысуынан ЖКО орын алды.  «НефАЗ» маркалы автобустың 49 жасар жүргізушісі Рудныйға қарай кетіп бара жатып, жол жиегінде тұрған «Беларус» маркалы тракторға соққан, нақтырақ айтсақ, шөп тиелген тіркемесіне соққан. Оның жүргізушісі 31 жасар екен. ЖКО салдарынан автобустың екі жолаушысы мерт болып, үш жолаушысы зардап шеккен», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Полицейлер нақтылағандай, қазір қылмыстық іс аясында ЖКО барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары кешені жүргізілуде.

adimage