Қостанай облысында автобус әйелді қағып кетті

     Қостанай 22 қыркүйек. ҚазТАГ - Қостанай облысында автобус әйелді қағып кетті, деп хабарлайды «Алау».
      «22 қыркүйекте, таңғы жетілер шамасында Жітіқара аудандық полиция бөлімінің басқару пультіне 41 жастағы азаматтан жол-көлік оқиғасына куә болдым деген хабарлама жіберілді. Ш.Уәлиханов-Д.Асамбаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өткелінде ПАЗ-32053 автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні-реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жүру бөлігінен өтіп бара жатқан 57 жастағы әйелді қағып кетті. Жол -көлік оқиғасы салдарынан әйел дене жарақатын алып, есін жимастан Жітіқара аудандық ауруханасында көз жұмды», - делінген хабарламада.
    Бұл факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының үшінші бөлігінде (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.


adimage