Қостанай облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 10:32, 04-03-2019.

Алматы. 4 наурыз. ҚазТАГ –Қостанай облысында қатты жел мен бұрқасын салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады жексенбіде «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Казгидромет» РМК филиалының ақпарынша, 4 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде төменнен сырма соғады, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с болады», - делінген хабарда.
Облыс орталығында 3 наурызда бұрқасын тұрады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады.
Өңірде апаттық-құтқару қызметінің күші мен құралдары дайындалған, көлік қозғалысын, жолдар мен көпірлердің жағдайын бақылау күшейтілген, маңызды нысандар мен байланыс және хабар тарату құралдары қызметінің беріктігі қамтамасыз етілген.


Жаңалықтармен бөлісу: