Қостанай облысында екі бала иісті газдан уланды

Күні: 12:31, 02-05-2019.

Астана. 2 мамыр. ҚазТАГ – Қостанай облысында екі бала иісті газдан уланды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«1 мамырда Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жанатын пештен шыққан ыстың исінен 2012 және 2014 жылы туылған екі бала уланып қалған», - деді бейсенбіде Нұрахметов.
Сондай-ақ, ол хабарлағандай, балалар ауруханаға жеткізілген.


Жаңалықтармен бөлісу: