Қостанай облысында екі әйел үсіп өлді

Күні: 12:07, 06-02-2019.

Алматы. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қостанай облысында екі әйел үсіп өлді, деп хабарлады өңірлік «Алау» порталы.
«Қостанай облысында Денисовка және Әулиекөл аудандарында 1990 және 1968 ж.т. екі әйелдің үсіп өлуі тіркелді», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД.
Ақпарға сәйкес, ауа температурасының төмендеуіне байланысты орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды жою мақсатында ТЖД-де облыстық жедел штаб жұмыс жасап жатыр, оның құрамына жол мекемелерінің, азаматтық қорғаныс және ішкі істер органдарының өкілдері кірген.
Ведомство азаматтарды метеорологиялық мәліметтерге мән беруге шақырады, аса қажеттілік болмаған жағдайда көшеге шықпауды және далаға балаларды ойнауға жібермеуді ескертеді. Көлік жүргізушілері мүмкіндігінше қашыққа жолға шықпауды және ауа температурасының төмендеуіне көліктерін дайындауды сұрайды.
«Қазгидромет» РМК ақпарынша, сәрсенбіде Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман, түнде кей жерлерде қатты аяз. Күндіз ауа температурасы -25-30, түнде -33-38.


Жаңалықтармен бөлісу: